Жыл сайын мектеп кітапханалары 20% көркем әдебиетпен қамтылатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Оқуға құштар мектеп» жобасының таныстырылымы кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты.

Білім саласындағы мектеп кітапханаларының қорында 200 млн-нан аса әдебиет бар. Оның ішінде 38 млн-ы көркем әдебиет пен мерзімді басылым тізімі. Бұл басылымардың сапасына мән беретін болсақ, 80-90 жылдардың аяғында шыққан көркем әдебиеттер және олардың 20-30%-і белгілі бер деңгейде жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты шұғыл түрде мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесін қолға алу жол картасында нақтылап көрсетілген. Бұл мәселені іске асыру үшін 5 жылдай уақыт қажеттілігі жоспарланып отыр. 5 жылдың ішінде барлық мектептің кітапханасын көркем әдебиетпен толықтыру көзделген, - деп атап өтті ол.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, әр жыл сайын мектеп кітапханалары 20%-ке дейін көркем әдебиетпен толықтырылып отырылады.

Қажетті көркем әдебиеттер тізімі 4 тақырып, бағыт бойынша жобаланып отыр. Оның ішінде бірінші кезекте отандық классиктердің ең үздік үлгілі әдебиеттерінің кіруі, екіншіден шетелдік қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеттерінің тізімі, сонымен қатар, заманауи жазушылар мен ақындардың үздік шығармаларының тізімі енгізілуі көзделген. Сондай-ақ, осы әдебиеттер тізімінің ішінде анықтамалықтар, ғылыми-танымдық әдебиеттер және оқу-әдістемелік әдебиеттердің тізімі қоса қарастырылып отыр, - деді ол онлайн брифинг барысында.

Сонымен қатар әдебиеттердің тізімін бекіту мәселесі 5 түрлі іріктеуден өтіп отырғанын айтты.

Тізімді бекіту үдерісі арнайы жасақталған комиссия арқылы іске асады. Бұл комиссия мектепке кіретін 5 мыңға жуық атауы бар көркем әдебиеттердің тізімін қалыптастырады, - деп қоса кетті орталық директоры.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы