Жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы керек – ШҚО әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі құрылысы 2022-2025 жылдарға жоспарланған өтпелі жобалар мен тұрғын үй жобаларын іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бүгінгі таңда 171 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену сатысында, ал бұл дегеніміз 650 мың шаршы метрден астам тұрғын үй.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өңір бұл бағытта алғаш рет миллионыншы белгіден асты. Сондай-ақ соңғы жылдардағы көрсеткіш бойынша алғаш рет Семей қаласы құрылыс қарқыны бойынша облыс орталығын басып озған.

Өңірде "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы жақсы жолға қойылған, коммерциялық және несиелік үйлер салынуда. Өйткені сұраныс жоғары. Бірінші болып қаржыландыруды биылғы жылы жақсы нәтижелер көрсеткен аудандар алатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ біз еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінен құрылыс компанияларын осы жылы қайтадан тартуға дайынбыз, – дейді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, әлеуметтік және мәдени объектілер салуды жоспарлау, оның ішінде барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды жүргізуге 2023 жылы қандай қосымша қаржыландыру қажет екенін есептеу қажет. Қарқынды бәсеңдетпеу керек және 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үй салу маңызды болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы