Жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

2022 жылы тағы 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады. Тағы 11 мектеп салынады. Әкімнің айтуынша, оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр.

Халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына деген сұраныс артып келеді. Жоспарлы түрде оқушыларды тиісті оқу орндарымен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған орындарға артылып жатқан артық жүктемені алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет, - деді Көлгінов. 

Әкім 3 жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілгенін айтты. Аталған оқу орындары 70 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

Оқу орындары қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы соңғы 2 жылдың өзінде халық тығыз қоныстанған Есіл ауданында 12 мектеп, Алматы ауданында – 7, Байқоңыр ауданында – 4, Сарыарқа ауданында 2 мектеп салынды. Биыл қалада тағы 11 мектеп салынады. Аталған оқу орындары қосымша 20 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Алайда әкім барлық мектептерді мемлекет бюджетінен салу мүмкін емес екенін атады. Сондықтан мектептерді салуға жекеменшік инвестициялар да тартылып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы