Жыл сайын елімізде жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан астам адам қаза табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы елордада өткен ҚР травматолог-ортопедтерінің ІІІ съезі және травматолог-ортопедтердің VII Еуразиялық конгресінде айтылды. 

"Мәскеудің ортасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне қойылған ескерткіш бар. Ол "Орыспен дос болыңдар, орыстан үйреніңдер" деген. "Жоғары технология" деген жай сөз ғана. Бір апта бұрын Ресейде алғаш рет квантты компьютер іске қосылды. Оның жылдамдығы кез келген компьютер жылдамдығынан миллиард есе көп", - дейді Башқұртстан ұлттық медицина университетінің травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі Б.Минасов.

Жарақаттану Қазақстанда жүрек қан-тамыр және онкологиялық аурулардан кейін төртінші орында және өлім-жітім мен мүгедектіңтің себепшісі болуда.

"Совет Одағы ыдыраған кезде ғылыми-зерттеу институттары жабыла бастады. Нұрлан Жұмағұлұлы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтын ашқан кезде Әзербайжан Қазақстан мемлекеті бұл саланың қаншалықты маңызды екенін ұққанын түсінді. Біз ғалымдардың баяндамасын тыңдау үшін қалтамыздан ақша шығарып баруға дайынбыз. Мен Нұрлан мырзаның бұл бастамасын қолдаймын", - дейді медицина ғылымының докторы, профессор, Азербайжаннан келген өкіл Я.Джалилов.

Конференцияда айтылғандай, республикада жыл сайын жол-көлік апаты жарақатынан 2100 адам көз жұмса, 20 мыңға жуық адам жарақат алып, 1000-ға жуығы мүгедек болып қалады. Өлім-жітім құрылымында жол-көлік жарақатынан қайтыс болғандар 20%-ды құрайды, оның ішінде 89,3%-ы тасымалдау кезінде немесе оқиға болған жерде көз жұмады. 

Жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандардың 60%-ынан көбі 15-44 жас аралығындағы адамдар, яғни олар еңбекке жарамды тұрғындар болғандықтан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айтарлықтай ауыртпалық болып саналады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы