Жыл сайын елімізде 80 әйел тұрмыстық зорлықтан қайтыс болады
Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық әйел зардап шегеді. Кемінде 80 әйел қайтыс болады. Күн сайын ішкі істер органдарына осы мәселе бойынша 300-ге жуық хабарлама келіп түседі.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Ренат Зулхаиров айтты.
Отбасындағы зорлық мәселесі бүгін қоғам назарын аударып отырған маңызды мәселелердің бірі. Тіпті мемлекет басшысы да бұл мәселені басты назарға алып отыр. Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.
Жаңа заңнама шеңберінде (2023 жылдың екінші жартыжылдығында) тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды. 64% материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты. Сотта 27 астам отбасы татуласты. Сонымен қатар, ІІМ зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық жұмысты жандандырды, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ полицияға тұрмыстық жанжалдар туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскенін айтады.
Оның ішінде 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін полиция қызметкерлері анықтады. Барлық тіркелген фактілер бойынша кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылды. Әрбір отбасылық дебошир заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңға жуық азамат қылмыстықжауапкершілікке тартылды, - деді маман.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептерін уақытылы анықтау үшін де біршама іс-шаралар жүргізілген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен адамдармен 130 мыңнан астам профилактикалық әңгімелер өткізілді, - деді спикер.