Жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заң консультанттары палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық заңгер даярланатыны туралы елордада өткен «Заң білімі және ғылым: заманауи мәселелер және жетілдіру перспективалары» атты халықаралық конференцияда айтты.
18 миллион халқы бар ел үшін заңгерлерді неге 70-тен астам жоғары оқу орны даярлайды? Сапалы маман даярлауға 5-6 жоғары оқу орны жеткілікті, тіпті одан да аз университет қажет екеніне сенімдімін. 2018 жылғы 5 шілдеде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңы қабылданды. Егер сол кезде Қазақстанда адвокаттардың саны бар болғаны 4,5 мың адамды құраса, заң фирмалары, жеке практикамен айналысатын және корпоративтік заңгерлер саны 10 мыңды құрады. Сондықтан заңгер мамандығы нарықта реттеуді қажет етеді, - дейді «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев
Оның айтуынша, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде 400 мың заңгер диплом алып, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады.
Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының жетекшісі Жаннетта Калишеваның айтуынша, ЖОО түлегі жұмыс берушінің талабына сай болуы керек. Жұмыс беруші, кәсіби қоғамдастық және университет арасындағы ынтымақтастық оң нәтиже береді, заңгер мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар әдістемесін пысықтау керек.
Заңгерлер кәсіби қауымдастықтармен сертификатталуы тиіс, ал жоғары оқу орындары палаталардан аккредитациядан өтуі керек. Заң білімінің стандарттарын кәсіби қоғамдастықтар әзірлеуі қажет. Сондай-ақ біліктіліктің бірыңғай талаптары деген (білімге, біліктілікке, дағдыларға, құзыреттерге) болады, алайда «Заңгер» мамандығы бойынша бірыңғай талап жоқ,- деп мәлімдеді Жаннетта Калишева.
Аталған шараға ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, отандық көрнекті заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия және Украинаның бірқатар жоғары оқу орындары мен кәсіби қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұн бағасын ішкі нарықта қымбаттатпау жолын іздейік – сенатор
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы