Жыл сайын елде жергілікті қазынадан А гепатиті екпесіне 130 млн теңге бөлінеді

Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, дәрігер гепатит сарғаюсыз және субклиникалық түрінде де болуы мүмкін деп отыр.

Соңғы түрінде клиникалық белгілері толығымен жоқ және мұндай науқастар басқаларға бірдей эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Мемлекет жыл сайын жергілікті бюджеттен А гепатитіне қарсы вакцина сатып алуға 130 млн теңгеге дейін бөледі. Вакцинацияның тиімділігі ғылыми дәлелдерге ие және аурушаңдыққа тікелей корреляциялық байланысты көрсетеді, - деп атап өтті Жанна Пірәлиева. 

Сонымен қатар ол А гепатитінің алдын алу шараларына тоқталды. 

Елордалық СЭБД А вирустық гепатитінің алдын алу мақсатында әрқайсысына төмендегідей кеңес береді: 2 жастағы балаларға А гепатитіне қарсы жоспарлы екпе алыңыз; қол гигиенасы туралы ұмытпаңыз; антисептиктерді жиі қолданыңыз; эпидемиологиялық қауіпсіз су ішу, орталықтандырылған су қауіпсіз және санитарлық нормаларға сәйкес келетінін ұмытпаңыз. Жемістер мен көкөністерді жақсылап шайыңыз. Санитарлық тораптарда тазалықты сақтау, қауіпсіз жерлерде шомылу қажет, - деді Санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы