Жыл сайын 700 мыңға жуық адам суицид жасайды – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы доктор ДДСҰ ресми өкілі Кэролайн Кларинваль ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен суицид туралы отырыста айтты.

ДДСҰ суицид мәселесіне, оны болдырмауға ерекше ден қойып отыр. Себебі ол адамның өмірі мен денсаулығына қатысты болып отыр. Жыл сайын 700 мыңдай адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл ел мен қоғамдастық үшін өте маңызды болып отыр, – деді Кларинваль.

Оның айтуынша суицидке әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін.

Ол психологиялық, әлеуметтік және тағы басқа фактор болуы мүмкін. Оған зорлық-замбылық, даулар мен оқшаулану, жабырқау, күйзеліс те суицидке алып келуі мүмкін. Сондықтан біз көмекке зәру адамдарға қол созуымыз керек.  Сол арқылы біз қайғылы жағдайдың алдын аламыз,– деді ол.

Оның айтуынша, ДДСҰ суицид туралы есебі мүше елдер үшін маңызды.

Бұл есептерді Үкіметтер басты назарға алу керек. Стратегиялық жоспарлауды да сол есептер аясында әзірлей алады, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы