Жыл сайын 30 мыңға жуық қазақстандық қатерлі дертке шалдығады

Жыл сайын 30 мыңға жуық қазақстандық қатерлі дертке шалдығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуыша, онкологиялық аурулар мәселесі бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі.

Ерте ме, кеш пе, планетаның әрбір 5-ші тұрғыны қатерлі ісікке шалдығады. Әрбір 8-ші ер адам және әрбір 11-ші әйел осы аурудан қайтыс болады. Өлім бойынша қатерлі ісік жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруы тұрақты түрде өсуде. Қазақстанда соңғы 20 жылда онкопатологиямен сырқаттанушылық 25%- ға артты, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол науқастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті адамдар деп отыр.

Жыл сайын онкологиялық аурулардың 30 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады. Динамикалық бақылауда 217 мыңнан астам пациент бар және олардың жылдық өсімі шамамен 5%. Науқастардың 56%-ы 18 бен 63 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы