Жыл сайын 20 мың нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, дүниежүзінде жыл сайын шамамен 15 миллион сәби мерзімінен бұрын туады. Бұл барлық жаңа туған нәрестелердің шамамен 10%-ын құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш жыл сайын 20-22 мыңға жетіп, жалпы жаңа туған нәрестелердің шамамен 5%-ын құрайды.

«Қазақстанда қазіргі заманғы перинаталдық технологиялардың көмегімен 500 граммнан бастап экстремалды төмен салмақтағы және 1000 граммнан төмен салмақтағы нәрестелерді күту мүмкіндігі бар. Бұл бағытта 39 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Президент тапсырмасымен 12 жаңа перинаталдық орталық салу жоспарланған», — деп жазылған хабарламада.

Мерзімінен бұрын босанудың себептері

Ведомствоның хабарлауынша, мерзімінен бұрын босану түрлі факторлардың әсерінен туындайды, олардың ішінде:

• Жүктіліктің кеш басталуы немесе қосалқы репродуктивтік технологиялардан (ВРТ) кейінгі жүктілік;

• Жүкті әйелдің экстрагенитальды патологиясы және инфекциялар;

• Бұрын жасалған аборттар;

• Стресс факторлары;

• Генетикалық бейімділік;

• Дұрыс тамақтанбау;

• Зиянды әдеттер және басқа да факторлар бар.

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімінен бұрын туған нәрестелерге ерекше күтім мен қолдау қажет екенін атап өтті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы