19 Желтоқсан 2024 2024, 08:50 Фото: BAQ.KZ - архив

Жыл қорытындысы: Биыл 17,9 млн тонна мұнай өңделді

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тонна деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тонна деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар – 16,4 млн тонна).

2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады.

Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау тапты. Бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.