Жыл басынан теміржолда 10 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ теміржол инфрақұрылымы нысандары аумағында жүру кезінде ережелерді сақтау мәселелері бойынша брифинг өтті. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаевтың айтуынша, жыл басынан бері 4 айдың ішінде локомотив пайдалану депосының машинистері жол үстіндегі бөгде адамдарды басудың алдын алу үшін 880 жедел тежегішті іске қосқан.

«Өкінішке қарай, 10 адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның ішінде 2002, 2006, 2008 жылы туған үш бала өмірімен қош айтысты.  Қараусыз қалған балалар темір жолды ойын алаңына айналдырып, вагондарға шығып, электр жарақаттарын алады. Кейбірі ажал құшып жатады. Бүгінде құлаққап киген көптеген азамат жол бойымен жүріп бара жатып жақындап қалған пойыз дыбысын да естімейді», - деді Айтым Құрақбаев. 


Биылғы жылдың алғашқы 4 айында теміржолшылар еліміздің әр өңіріндегі 18 мың оқушы мен 12 мың азаматына теміржол үстінде және нысандарында қандай қауіптер күтіп тұрғандығынан хабардар еткен. Кәсіпорындар мен оқыту мекемелерінде бейнеролик көрсетілген 313 әңгімелесу ұйымдастырылған. 

«Теміржолшылар оқу жылының аяқталуында мектептерде дәстүрлі түрде өткізілетін ата-аналар жиналыстарына қатысады. Сол жерде балалардың ата-аналарына темір жолдың қаншалықты қауіпті екендігі түсіндіріледі. Көлік прокуратурасы мен полиция, БАҚ пен өзге де қатысы бар қызметтер өкілдерін шақыра отырып, қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің 63 отырысы өткізілді. ӘТЖК, ІІЖБ қызметкерлерімен бірлесе теміржол бойында болу ережесі туралы 900 тарта түсіндірме әңгімелесулер өткізілді», - деді ол. 

Жазғы демалыс маусымында темір жолда балалар жарақатының алдын алу бойынша 3 айлық өткізіліп, оның шеңберінде толық іс-шаралар кешені ұйымдастырылады. 

Оқыту мекемелері темір жолдарға жақын поселкі мен қалаларда мектеп ішіндегі лагерлерде қауіпсіздік сағаттары өткізіледі. Балаларға ойын түрінде темір жолда болуының ережелері түсіндіріліп, мультфильмдер мен бейнефильмдер көрсетіледі. 

Теміржолшылар темір жолда мұқият әрі сергек болуға, қарапайым жолда жүру ережелерін сақтауға: теміржол үстін тек белгіленген орындармен, жаяу жүргіншілер көпірімен өтуге шақырады.  

Теміржол тіректеріне, вагондар үстіне шығуға, үстінен электр желісі тартылған өзге де инфрақұрылым нысандарына жақындауға тыйым салынған. 

Электр сымы мен адам арасындағы 2 метр қашықтықта электр доғасы пайда болуы мүмкін. Жоғары кернеулі электр тогы ұрған кезде адамның тірі қалуы мүмкін емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы