Жыл басынан су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті
Атап айтқанда, 1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар мамандардың айлығы 25%-ға ұлғайған.
Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. Еске сала кетейік, кеше, 9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Кәсіби мерекеде су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы