Жыл басынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды.
Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті.
Жаңа орындарды ашу - жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді, - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.
Биылғы жылы 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.
- Келісімсіз қай кезде түсірілім жүргізуге болады: Аида Балаева БАҚ құқықтарын түсіндірді 11:53
- Құтқарушылар Алматыға келетін туристердің тауда жиі жіберетін қателігін атады 11:42
- 23 тамызда Астанада LRT мен автобуспен жүру тегін болады 11:23
- ЕАДБ болжамы: Қазақстанда 2026 жылы доллар бағамы мен экономика қандай болады? 11:09
- Ақтауда жұбайына қол көтерген ер адам қамауға алынды 10:51
- Қазақстандықтар IT мамандықтарын тегін меңгере алады: Tech Orda өтінім қабылдауды бастады 10:28
- АҚШ-тың Индиана штатындағы су тасқынынан кемінде 7 адам қаза тапты 10:09