Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына 583 мыңға жуық адам қатысты

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 582,8 мың қазақстандық қатысты. 457,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 277,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 180,5 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,4 мың адам, жастар практикасында 30,5 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 106,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,2 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 409 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 18,8 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 52,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 47,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 54,2 мың адам қамтылды, оның ішінде 35,4 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 183,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы