Жыл басынан бері жол апатынан 28 бала қаза тапты – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл балалардың жол апатынан қаза табуы 30%-ға азайған. Жыл басынан бері 28 бала жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
Оның айтуынша, өткен жылы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол апаты төрттен бірге қысқарған. Оның ішінде бала өлімі мен жарақат алу дерегінің азаюы бар.
2021 жылы балалардың жол апатынан қаза табу дерегі тағы 30%-ға азайды. Алайда мұндай статистикаға қарамастан, саладағы жұмысты тоқтатпау керек. Себебі жыл басынан бері елімізде 28 бала жол апатынан қаза тапты, - деді Алексей Милюк баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында 190 браконьер ұсталды
Өзгелердің жаңалығы