Жыл басынан бері теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігі 265 рет бұзылған
Алматы, BAQ.KZ. Биылғы І тоқсанда елімізде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі 265 рет бұзылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы болған, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелді, - делінген хабарламада.
Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізген, оның ішінде 1800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексеріпті.
Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылық анықталған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 10,5 млн астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2125 кг рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент блок-бекетте қаза тапқан полицейлерді марапаттады
Өзгелердің жаңалығы