Жыл басынан бері қазынаға 3,6 трлн теңге салық түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,7%-ға орындалған.
Бекітілген жоспар 3 390,5 млрд теңгені құрап, 228,6 млрд теңгеге асыра орындалған, салық түсімдері – 3 619,2 млрд теңге. Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе немесе 1 520,9 млрд. теңгеге өсті. Оның ішінде: республикалық бюджет 100,2% орындалды (жоспар бойынша 2 572,6 млрд теңге, 4,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 577,5 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе немесе 1 289,3 млрд теңгеге өсті, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сонымен қатар жергілікті бюджет 127,3% орындалды (жоспар бойынша 817,9 теңге, 223,7 млрд теңгеге асыра орындаумен 1 041,6 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,6% немесе 231,6 млрд теңгеге артқан.
2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда Республикалық бюджет түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпортативті табыс салығы бойынша 502,2 млрд теңгеге немесе 2,3 есе, ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы 408,7 млрд теңгеге немесе 5,9 есе және экспорттық кеден баждары бойынша 212,2 млрд теңгеге немесе 2,2 есе өскені байқалады.
Түсімдердің өсуіне мұнай, алюминий, мырыш, мыс, қорғасын және алтын бағасының өсуі әсер еткен. мынадай факторлар әсер етті.