Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны қаншаға артты?

Ұлттық статистика бюросы 2023 жыл басталғалы ел халқының ұлғайғандығы туралы деректерді мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, 2023 жылдың басында Қазақстанда 19 миллион 766 мың 807 адам тұрған. Ал 2023 жылғы 1 маусымда республика тұрғындарының саны 19 миллион 879 мың 3 адамды құрады. Жарты жыл ішінде жалпы халық санының өсуі 112 мың 196 адамға тең болды.

Халық санының өсімі жағынан көшті Алматы қаласы бастады. Алты айдың ішінде алматылықтардың саны 23 мың 694 адамға көбейген. Екінші орынға халқының саны 21 мың 972 адамға артқан Астана табан тіреді. Одан кейінгі орында Түркістан облысы жайғасқан – облыс тұрғындарының саны 12 мың 982 адамға ұлғайған.

Шымкент қаласы (+ 10 мың 985 тұрғын) мен Алматы облысындағы (+ 10 мың 610 тұрғын) халық саны бойынша статистика да ұқсас. Осы орайда Астана халқының санының өсуі ең жоғары қарқынды – 1,62 пайызды көрсеткен.

Теріс демографиялық көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (-977 адам), Шығыс Қазақстан (-425 адам) және Қостанайда (-374 адам) байқалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы