Жыл басынан бері Павлодар облысында 80-ге жуық медицина қызметкері КВИ жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар оқу жылы басталғалы бері 989 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің аппараттық жиынында өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.

2021 жылдың қаңтарында облыстың 34 медициналық ұйымында 77 қызметкерден КВИ анықталды. Оның ішінде дәрігерлер – 20, орташа медициналық қызметкерлер – 50, кіші медициналық қызметкерлер – 7. Жұмыс барысында жұқтыру 1 қызметкерде расталды. 5 ұйымдағы 13 медициналық қызметкердің қалай жұқтырғаны бойынша тексеру жүргізілуде, - деді Батырбек Әлиев.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, оқу жылы басталғалы дәстүрлі түрде оқитын 228, қашықтықтан оқитын 761 оқушы коронавирус жұқтырған.

2021 жылдың қаңтарында 460 оқушыдан КВИ анықталды. Оның ішінде дәстүрлі түрде оқитындар – 76, онлайн оқитындар – 384. Оған қоса, оқу басталғалы 246 мұғалім КВИ жұқтырды. Ал, мектепке дейінгі жастағы 173 бала коронавирус жұқтырды, - деді Батырбек Әлиев.

Батырбек Әлиев қазіргі уақытта облыстың 13 аудан мен қаласының 12-сі «қызыл аймақта» екенін атап өтті. Май ауданы «сары аймаққа» енді.

Ақтоғай, Баянауыл, Успен аудандарында апталық көрсеткіш бойынша өсу байқалды, - деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Айта кетейік, өткен тәулікте Павлодар облысында 238 адамнан коронавирус анықталды. Осы уақытқа дейін өңірде 13848 адамда КВИ анықталған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы