Жыл басынан бері өңірлерде 12 миллиард теңге игерілмей қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджеттердің кірісі 3,6 триллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл – 39,2%-ға (2,6 триллион теңге) артық. Бұл туралы ақпарат Azattyq Rýhy сайтында жарияланды.
Өсудің негізгі себебі трансферттердің бір жылда 46,1%-ға, 2 триллион теңгеге дейін (өткен жылдың ұқсас кезеңінде - 1,4 триллион теңге) өсуі болды. Сонымен қатар, салық түсімдері 34,9%-ға өсіп, 1,5 триллион теңге (бір жыл бұрын - 1,1 триллион теңге) болды.
Жалпы, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен салықтық емес түсімдер тиісінше 31,1%-ға және 9%-ға қысқарған. Алайда, олардың жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы көлеміндегі үлесі – бар болғаны 1,7%. Трансферттер жергілікті бюджет кірістерінде ең көп салмаққа ие. Республикалық бюджеттен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттеріне тікелей бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы биылғы 6 айда 895,9 миллиард теңге болды. Қаражат ағымдағы бағдарламалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға арналған. Бұл ретте осы қаражат бойынша орындалу пайызы 99,1% болғанын атап өткен жөн. Орындалмау сомасы – 8,5 миллиард теңге десек, оның 2,6 миллиард теңгесі – бюджет қаражатын үнемдеу, ал 5,9 миллиард теңгесі – игерілмеген сома.
Алматы ЖАО-да игерілмеген нысаналы трансферттердің басым бөлігі: пайдаланылған нысаналы трансферттердің мөлшері – 74,7 миллиард теңге немесе жалпы соманың 96,3%-ы. Ал орындалмаудың жалпы сомасы – 2,9 миллиард теңгені құраса, оның 1,1 миллиард теңгесі – бюджет қаражатын үнемдеу, 1,8 миллиард теңгесі – игерілмеген қаражат.
Игерілмеген нысаналы трансферттердің ең көп көлемі бар өңірлердің үштігіне Алматы облысы (1,1 миллиард теңге) және Нұр-Сұлтан қаласы (902,1 миллион теңге) кірді. Сонымен қатар, Шымкент, Қостанай және Жамбыл облыстарының ЖАО өңірлерін дамытуға арналған нысаналы трансферттерді шамамен 100%-ға игерген.