Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 956 кәсіпорнында 24,5 мың жұмыскердің алдында 5,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 991 нұсқама беріліп, 133,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балалардың екпесіне қатысты жалған ақпарат тарады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы