Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке қанша қаржы түсті?

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 13,8 трлн теңге немесе жоспар 97,0%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 9,2 трлн теңгеге жуық қаражат түсті. Жоспар 89,3%-ға орындалды. Ал жергілікті бюджеттердің кірістері 116,8%-ға атқарылды және 4,7 трлн теңгені құрады, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамаубаев мемлекеттік бюджетте 54 млрд теңге игерілмегенін атап өткен еді.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты, – деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА - архив
Өзгелердің жаңалығы