Жыл басынан бері медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан 8,6 млрд теңге жарна түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кететін жайт, жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 8,6 млрд теңге жарна аударымдары түскен. Ал жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 28 ақпаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 109,4 млрд теңгеден аса соманы құрап отыр.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 8,6 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде, жұмыс берушілердің аударымдары 4,5 млрд теңгеге жуық, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 4,1 млрд теңге. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы