Жыл басынан бері су айдындарында 85,2 млн шабақ құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың басынан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 85,2 млн шабақты балықтың қырылу қаупі бар және су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш чектерінен құтқару жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмысқа балық шаруашылығы субъектілері, еріктілер, сондай-ақ күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ балық құтқарылды, - делінген министрлік хабарламасында.
Құтқарылған балықтардың түрлік құрамы - сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ.
Балық ресурстарын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 бірлік техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда 480 орындық екі жаңа жатақхана пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы