Жыл басынан бері елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі формасы жұмыс орындарын квоталау, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Заңға сәйкес, квота кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 2-ден 4 пайызына дейін белгіленеді. Квоталаудан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында 20 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті."Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен түзету мекемесінен босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін де өткізілді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шеңберінде 30-дан астам адам электр дәнекерлеу, видеографика, анимация және баска мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтті", - делінген тартылған ақпаратта.
Ал елорданың мүмкіндігі шектеулі екі тұрғыны өз бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 АЕК көлемінде (252 500 теңге) грантқа ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Сингапурдың аға министрін қабылдады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы