Жыл басынан бері елден заңсыз 528 млн теңге алып өтпек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті.
Жеке тұлғалар ақшаны Алматы қаласының әуежайы арқылы алып өтуге тырысқан. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың басынан бастап ӘҚБтК-нің 551 және 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырылған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықталған.
Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн.теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы 3,2 млн теңгені құрады.
Осылайша, қаңтарда «Алматы-Абу-Даби» бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылды, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылды.
Ақпанда «Алматы-Ыстамбұл» қатынасындағы әуе рейсіне кедендік бақылаудан кейін Қазақстан азаматынан 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша табылған. Материал Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Азаматқа қатысты Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (экономикалық контрабанда).
Мамырда «Сеул-Алматы» бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында әйелді тексерген кезде, онда 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша табылған.
Маусым айының басында ұшып келу залында «Дубай-Алматы» әуе рейсін кедендік бақылау кезінде тағы бір азаматтан 23 200 АҚШ доллары анықталды. Азамат әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.