Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 12,4 пайызға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар  Әбілдабеков мәлім етті.

Өткен аптада еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,9% - ды құрады. Өңірлер бойынша бағалар ең көп Маңғыстау облысында — 2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында — 1,9% — ға, Ақмола және Қызылорда облыстарында - 1,5% - ға өсті. Жыл басынан бері бағаның өсуі 12,4% - ды құрап отыр, - деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті бөлшек сауда орындарының рұқсат етілген тауар ставкасын сақтауы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді жалғастырып келеді.

Мәселен өткен аптадағы рейдтік іс-шаралармен 30,8 мың «үй маңындағы дүкен» немесе сауда нүктелерінің 73 пайызы қамтылды. Осы аптада 231 заң бұзушылық анықталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сауда үстемеақылары 25 пайыздық тармаққа қысқартылды. Бүгінгі күні бағаны ұстап тұру үшін барлық өңірлерге қырыққабатты ерте жеткізу бойынша форвардтық шарттар жасасуды аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ, сәуір айының соңына дейін «айналым схемасын» қаржыландыру көлемін 50-ден 100 млрд теңгеге дейін жеткізу тапсырылды. Өңірлерде сауда үстемесін бақылау жөніндегі жұмысты жалғастыру және белгіленген 15% - дан асып кетуге жол бермеу қажет, - деді СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы