Жыл басынан бері Қарағанды облысы экономикасының өсуі 106,6% құрады – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыста 39 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда, оның 15-і шетелдік инвестиция арқылы іске асырылып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Жиын барысында ол, Қарағанды облысының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады. 

Негізгі қорға инвестициялар 1,6 есе өсті және 685 млрд теңгені құрады. Жылдың соңында біздің жоспарымыз бойынша бұл сома 700 млрд теңгеден асады деп отырмыз. Құрылыс жұмыстарының көлемі екі есеге өсті, 372 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға беріледі. Жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер жоспардан 3,9 пайызға артық түсті, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол өңірдің индустриялық ерекшелгін және жоғары урбанизацияны ескере отырып, өнеркісіпті дамыту өте маңызды болып отырғанын жеткізді.

Қарағанды облысы экономикасының жартысын таукен және өңдеу өнеркәсібі  құрайды, бұл 51%. Бұл салада өндіріс көлемі 2 трлн 347 млрд теңгені құрады. Түсті металлургияда жаңа кәсіпорын ашу және "Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған зауытында екінші пешті ашу есебінен мыс өндіру 360 мың тоннаға дейін арттыру күтілуде. Былтыр 320 мың тонна болған. Жылдың басында "Арселормиттал" Теміртау зауытында апатты жағдай орын алған, алайда 11 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көрсеткіштері 101,7% артып отыр, - деді ол. 

Жылдың қорытындылары бойынша, болат өндіру 400 мың тоннаға артпақ. Жалпы көлемі 3 млн 700 мың болады деп жоспарланған. Сөз арасында ол бүгінде облыс республика бойынша көмірді негізгі жеткізуші болып отырғанын жеткізді. Облыстың  көмір өндіру үлесі 52,2% құрайды. Қазір өңірде 10 шахты және 12 разръез жұмыс істеп жатыр екен. 

Сондай-ақ, ол облыста 39 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатқанын айтты.


Оның 15-і шамамен 1 трлн қаража көлемінде шетелдік инвестиция арқылы іске асырылып жатыр. Биылғы жылы олардың арасынан 8-і іске қосылды. Олардың ішінде балқымалар өндіретін зауыт, қарағанды қағаз комбинаты,  3 күн элекр станциясы және тағы басқалары бар. Осы жобаларды жүзеге асыру бізге тек 700 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Бұл Қарағанды облысы үшін рекордтық көлем, - деді облыс әкімі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы