Жыл басынан бері 804 млрд теңгеге жуық зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 249 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 554,8 миллиард теңге бөлінді.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.2020 жылы сәуірде зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 200,8 млрд теңге бөліндсе, оның 62,2 млрд теңгесі базалық зейнетақыны, 138,6 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы еншіледі. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 225,9 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 90 560 теңгені межеледі, - делінген хабарламада.Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді, - делінген хабарламада.
Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы