Жыл басынан бері 799 мыңнан астам адам АӘК алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай  бойынша 164,4 мың отбасындағы 799,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. 

Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады, - делінген Еңбекмині хабарламасында. 

 

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

2021 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 196,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

 

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға бұның алдында, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларына байланысты көмек тағайындауға өтініштері ұзартылды.

 

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы