Жыл басынан бері 75-ке жуық ұлытаулық отбасы үйлі болды

Пәтер кілттері Ұлытау облысының кезекте тұрған азаматтарына берілуде. Ал бүгін Жаңаарқа кентінде тағы 18 жанның қуанышы еселенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылысы енді аяқталған баспана аумағы - 2000 шаршы метрге жуық. «Жаңа-Нұр» шағын ауданының ендігі тұрғындары кілттерін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының қолынан алды.

Жыл басынан бері Жаңаарқа ауданының өзінде 16 отбасы баспаналы болды. Бүгін міне, тағы 18 үйді табыс еткелі тұрмыз. Игі жұмыс жыл соңына дейін жалғаса бермек, - деді өңір басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, биыл Жаңаарқа кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 600 орындық заманауи мектептің құрылысы басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы