Жыл басынан бері 4 мыңнан астам түркістандық зейнетке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 7 айында 4508 түркістандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.
Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 4238 мыңнан астам азамат зейнетке шыққан.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚКО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.
Жолданатын тарап бағанында – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек. Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.