Жыл басынан бері 25 мыңнан астам адам елден кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда полиция қызметкерлері 15 литрден астам қан тапсырды
Келесі жаңалық
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы