Жыл басынан бері 22 мың адам Қазақстаннан көшіп кеткен
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың І жарты жылында 22,3 мың отандасымыз өзге елге көшу бойынша құжат толтырған. Бұл туралы LS хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адамдардың басым бөлігі көрші РФ-ға көшкен, онда кеткендердің саны 19 650. Ал Германияға –1,4 мың отандасым көшкен, Польшаға – 321, Өзбекстанға – 238, Белорусияға – 162, Қырғызстанға – 129 адам көшкен.Сондай-ақ, ведомство LS-ге берген жауабында жарты жылда АҚШ-қа 130, Израиль мен Канадаға 45 Қазақстан азаматының көшкенін айтқан. Елімізден көшіп кеткендердің 5,8 мыңы кәмелеттік жасқа толмағандар.
Шетелге көшіп кеткендердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, олардың саны 3 мыңдай. Қостанай облысынан – 2,9 мың, Қарағандыдан – 2,8 мың, Павлодардан – 2,3 мың, Нұр-Сұлтан қаласынан – 2 мыңнан аса, Алматыдан – 1,9 мың адам кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құрбан айтқа демалыс беріле ме?
Өзгелердің жаңалығы