Жыл басынан бері 200-ге жуық адам өрттен қаза тапты
Жыл басынан бері елімізде 6700 астам өрт болды. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Елдос Зияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жыл басынан бері елімізде 6700 астам өрт болды. Былтыр 7500-дей өрт шыққан болатын. Биыл бұл көрсеткіш 21 пайызға төмен. Биыл 8 айда өрттен 197 адам қайтыс болды. Былтырғы мәліметке сүйенсек, өрттен 244 қаза болған еді. Мұнда да өлімнің төмендегенін көреміз, - деді Зияда ведомствода өткен брифингте.
Маманның сөзінше, республика бойынша жер үйлерде өрт жиі кездеседі. ТЖМ дерегінше, Астанада 8 айда 447 өрт дерегі тіркелген.
Көбіне жылыту маусымы кезінде болады. Өрт үйдің пешіне және тоққа байланысты шығуы мүмкін. Стастистиканы қарасақ, еліміз бойынша өрт жер үйлерде жиі болады, - деді Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жамбылдық өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды
Өзгелердің жаңалығы