Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам қызылша жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі қызылшаның ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 15 жылдың ішінде республикада 3 рет қызылша ауруының өсуі тіркелді, бұл - 2005, 2015, 2019 жылдары. Аурудың кезекті өсуі 2023 жылы басталды.
2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80%-ы (23 501 жағдай) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1674 жағдайы тіркеліп отыр. Желтоқсан айында 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, – деп мәлімдеді Ажар Ғиният.

Министрдің сөзінше, қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді, бір жастағы және алты жастағы 700 мыңға жуық бала екпе алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы