Жыл басынан бері 177 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды

Елде жыл басынан бері 177 мыңнан аса шетелдік автокөлік заңдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша сырттан әкелінген темір тұлпарды заңдастыруға белгіленген мерзімнің аяқталуына аз күн қалды. Сол себепті қазір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көп. Бірақ ешкімнің өтініші ескерусіз қалмайды дейді мамандар. Өйткені өтініш қабылдау мерзімі бірінші шілдеге дейін ұзартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы