Жыл басынан бері 12 адамды пойыз қаққан
Осы жылдың жеті айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның инфрақұрылымдық нысандарында 12 адам басу оқиғасы тіркелді. Соның 8 жағдайы өліммен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 жағдайда зардап шеккендер темір жолдарын рұқсат етілмеген жерден, жақындап келе жатқан пойыз алдынан кесіп өтпек болған. Бір жағдай – өз өзіне қол салу. Тағы бір жағдайда, адам темір жолда жүргенде құлаққапта музыка тыңдаған.
Пойыз машинистері қаңтар-шілде аралығында темір жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін 118 шұғыл тежеуішін қолданды. Оның ішінде стансаларда 30 реттен артық, ал аралықтарда 80 рет. Темір жол өткелдерінде 2022 жылдың 7 айында 16 жол - көлік оқиғасы орын алды. Автомобильдің локомотивпен соқтығысуының барлық жағдайы автокөлік құралдары жүргізушілерінің кінәсінен орын алып отыр,-делінген хабарламада.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Пойыздардың жылдамдығы сағатына 120-140 км - ге жетеді, тежегіш жолдың ұзындығы 800-1000 метрден асады, сондықтан локомотив бригадалары пойызды бірден тоқтата алмайды. Пойыздың нақты белгіленген жолы бар екенін, ол бұрылып кете немесе кедергілерді айналып өте алмайтынын қаперде ұстаған жөн.
Теміржолшылар станцияларда, жолды жаппай рұқсатсыз кесіп өтуге тыйым салатын орындарында көлік полициясы желілік бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізеді. Олар теміржолға жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.