Жыл басынан бері 1000-нан аса еңбек заңнамасы бұзылған
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 мыңнан астам еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. Еңбек саласында 865, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 132, халықты жұмыспен қамту бойынша – 8-і анықталған.
2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс берушілер hr.enbek.kz еңбек ресурстарының жаңа порталыннда іске қосылған «Онлайн еңбек консультанты» функционалы арқылы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын өзін-өзі тексере алады,- ЕХӘҚМ Еңбекжәне әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.
Бүгінгі таңда портал арқылы 19 мыңға жуық адам өзін-өзі тексерген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Учаскелік полицияның жұмысы жайлы не білеміз?
Өзгелердің жаңалығы