Жыл басталғалы жолда қалған 400-ден астам адам құтқарылды

Жаңа жыл басталғалы екі апта ішінде трассаларда полицейлер 400 ден астам адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 14 мыңнан астам автокөлікке автожолдарда полицейлердің ілесіп жүруі қамтамасыз етілді. Қар құрсауынан 109 автокөлік шығарылды. Жабық трассаларда тұрып қалған 412 адам, оның ішінде 53 бала құтқарылды.

Көбінесе жолдарда ауа-райының қолайсыздығына тап болатын біздің елден транзиттік автобустармен жүретін шетелдік азаматтар. Көлік бұзылған кезде олар тек полиция мен құтқарушылардың көмегіне үміт артады. 14 қаңтарда Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассасын патрульдеу кезінде Ақтөбе облысы Хромтау ауданының аумағында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері істен шыққан жолаушылар автобусын көрді. Автобус Мәскеуден Өзбекстанға жолаушы ретінде 24 Өзбекстан азаматын тасымалдағаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері барлығын жақын маңдағы кемпингке жеткізді. Олардың арасында медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Әдетте шетелдіктер жылыту пункттеріне орналастырылады. Онда олар көлік жөнделгенге дейін және жол ашылғанша күтеді.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарынан белгіленген қозғалыс жылдамдығын, интервал мен қашықтықты сақтауды, сондай-ақ шұғыл қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалауды және қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Қазіргі уақытта еліміздің 7 облысында 25 автожол учаскесі жабылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы