Жыл басталғалы ел бойынша 25 бала көлік апатынан көз жұмған
Екі айда ел бойынша 25 бала көлік апатынан көз жұмған. 350-ден аса жеткіншек түрлі дәрежеде жарақат алды. деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Бұл республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шаралары кезінде анықталды. Мамандардың сөзінше, балалардың жол ережесін білмеуі, арнайы белгі қойылмаған тұстан кесіп өтуі қайғылы жағдайға соқтырады. Нәтижесінде 74 мыңнан астам көлік иесі әкімшілік жазаға тартылды. Олардың ішінде мыңнан аса қоғамдық көлік жүргізушілері де бар. Сондай-ақ 4 мың шақырымға жуық жол учаскелерінің қауіпті жерлері анықталып, 600-ден астам жол белгісі орнатылды.
Ішкі істер министрі ағарту министрлігіне мектеп бағдарламасында жеке міндетті пән ретінде жол жүрісі қағидалары бойынша сабақтар өткізу туралы ұсыныс жолдады. Яғни біздің ұсыныстарымыз Үкіметпен қабылданды. Және қазірі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті тапсырмалар берілді, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.