Жүзуші Әділбек Мусин Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында қола жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы 50 метрлік қашықтықты 23.44 секундта жүзіп өтті. Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Инчул Бэк (23.29), екінші орынды Сингапурдан келген Цзен Вей Теонг (23.34) иеленді.

Бұл Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп алған.

Осылайша қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 22 медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тұрар Қазанғапов
Өзгелердің жаңалығы