9 Шілде 2024 2024, 22:16 Фото: olympic.kz

Жүзуден қазақстандық команда Түркияда жаттығу жиынын өткізу аттанды

Жүзуден Париж Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшылар Түркияда жаттығуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жүзуден Париж Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшылар Түркияда жаттығуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Аталған спорт түрінен жазғы ойындарға жолдама алған Ксения Игнатова мен Әділбек Мусин Олимпиада қарсаңындағы дайындықтарын пысықтауда.

Спортшылар 1 шілдеден бері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.