Жүзуден Қазақстан командасы Римдегі турнирде бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Қазақстан командасы Италия Рим қаласында өтетін іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жүзу бәсекесі 25 маусым күні басталады. Аталған жарыс қазақстандық спортшылар үшін жолдама алатын соңғы мүмкіндік болмақ.
Римде Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды. Олар: Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Александр Варакин.
Мусин баттелфяй әдісімен 50 және 100 метрге жарысудан сынға түседі. Баландин брасс әдісімен 50, 100 және 200 метрге жарысудан бақ сынайды. Ал Варакин еркін әдіспен 50 метрге жүзуден өз мүмкіндігін сынап көрмек.
Айта кетелік, Қазақстан командасының еншісінде Токио Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Екеуін де Дмитрий Баландин (брасс әдісімен 100 және 200 метрге жүзу) жеңіп алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы