Жүздеген жолаушы рейстің кешігуіне байланысты Алматы әуежайында күтуге мәжбүр

Алматы әуежайы қалың қардың жаууына байланысты рейстердің кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы халықаралық әуежайы нөсерлі қар, көруді шектеген қалың қар жаууы, күннің күрт суытуы сынды күрделі метеожағдайға байланысты Алматы әуежайында күні бойы рейстердің айтарлықтай кешігуі орын алып жатқанын хабарлайды. Жолаушылардан түсіністікпен қарауларын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жүздеген жолаушы өз рейстерін күтіп Алматы әуежайында аялдауға мәжбүр. Кешке қарай жағдай тіпті ушыға бастаған. 

Жолаушыларды сабырға шақырған әуежай басшылығы ондағы барлық қызмет 24/7 күшейтілген режимінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы