Жүз келіден астам есірткі сақтаған ақтөбелік ұсталды
Ақтөбеде тәртіп сақшылары жүз келіден астам есірткі затын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Ақтөбедегі тұрақтардың бірінен полицейлер жүз келіден асатын есірткі құралын анықтады. Шұғыл-профилактикалық шара өткізу кезінде Ақтөбе қаласындағы тұрақ кооперативтерінің бірінде полицейлер есірткі құралдарын сақтау күдігі бойынша 40 жастағы тұрғын ұсталды. Тінту барысында 5 қап (100 келі), 170 дана сіріңке қорабына салынған марихуана, 200 дана гашиш пен жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін бір апта ішінде ел аумағында 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында жыл басынан бері 30 пәтер ұрлығы тіркелді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы