Жуырда Трамп бейнеленген монеталар шығуы мүмкін

АҚШ-тың негізі қаланғанына 250 жыл толуын мерекелеу аясында АҚШ қазынашылығы президент Дональд Трамп бейнеленген жаңа коллекциялық бір долларлық монеталарды шығаруды қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Fox Business хабарлауынша, жобада Америка туының фонында жұдырығын көтерген АҚШ-тың қазіргі президенті бейнеленеді. Бұл сурет 2024 жылы оған жасалған қастандықтан кейін түсірілген кеңінен танымал фотосуретті меңзейді.

Монетаның соңғы дизайны әлі бекітілген жоқ. Қазынашылық өкілі агенттіктің мұндай жағдайларда коллекциялық монеталарды шығаруға заңды құқығы бар екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: whitehouse
Өзгелердің жаңалығы