Жүсіпов резервшілер әскерге қашан шақырылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтты.
Резервшілер қатарынан адам шақыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл тәжірибе соңғы жылдары посткеңестік елдердегі әскери дауларға қатысты енгізіліп отыр. Халықаралық тәжірибенің талдауы көрсеткендей, мобильді жаттығудың әмбебап тәжірибесі жұмыс істеймейді. Әрбір мемлекет мемлекеттік басқару, әскери басқаруға қатысты және мемлекетке төніп тұрған қауіпке қатысты өзіне тиімді модельді таңдайды. Резервтегі қызмет барлық елде бар. Қазір нормативтік-құқықтық актілері мен заңдарға, жұмсалатын қаржы есебі мен шақырылатын резервшілердің саны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Жүсіпов айтқандай, резервшілерді шақырту келісімшарт бойынша шақырылады.
Жұмыс істейтін, істемейтін, өзін-өзі қамтығандар шақыртылады. Әрине, әскери дайындықты өтіп, жедел әскерден өткен немесе әскери кафедра мен әскери оқуды тәмамдағандар басымдылыққа алынады. Оларды әскерге шақыру қаржылай шығынды қажет етеді. Резервтегілерді әскерге шақыру 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Оны 2022 және 2023 жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Олармен келісімшарт орнатылады, осыған сәйкес жалақы да бекітіледі. Қазір біз өзге мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ол.
Жүсіпов айтқандай, қазір осы мәселелерді нақтылау жүргізіліп жатыр.
Резерв бойынша қандай бөлімді жасақтауымыз керегін шешу керек. Ол жаппай жасақтау форматында болмайды. Қаржы ішкі резервтен де, қосымша бюджеттік қаржыдан да тартылуы мүмккін, - деді ол.