Жұрттың бәрі экономист емес – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда салыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес, - деді Президент.
Тоқаев айтқандай, мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін.
Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек, - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Біз кімбіз?", "Қайдан шықтық?". Депутат құрылтайда ұсыныс айтты
Өзгелердің жаңалығы